Киберспорт

BetBoom The Bali Major 2023-те ойынын аяқтады

Dota 2 бойынша The Bali Major 2023 турнирінің төменгі тордағы плей-офф ойындарында BetBoom Team командасы Azure Ray-ден ұтылып қалды.

Кездесу 2:1 есебімен Azure Ray-дің пайдасына шешілді. 9-12 орындарды қанағат тұтқан BetBoom Team командасы Dota Pro Circuit-тен жүлде және ұпай ала алмай турнирден шығып қалды.

Келесі турда Azure Ray мен PSG.LGD кездеседі. Ойын жетінші шілде күні Астана уақытымен 02.00- де өтеді.

The Bali Major 2023 Бали (Индонезия) аралында 29-шы маусымда басталып, 9-шы шілдеде аяқталады. Командалар , сыйлық қоры 500 мың АҚШ доллары мен 3.500 DPC ұпайын сарапқа салады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий