Киберспорт

Cloud9 мүшесі IEM Cologne 2023 CS:GO алдында қазақстандық киберспортшының командаға оралғаны туралы айтты

CS:GO бойынша Cloud9 командасының қазақстандық қатысушысы Абай Hobbit Хасенов IEM Cologne 2023 мачтарына өзінің отандасы Тимур buster Төлеповтың бастапқы құрамына оралуына түсініктеме берді.

Ол Төлеповтың демалыста болғанын, командаға көмектеспегенін және виза ала алмаған Сергей Ax1Le Рыхторовпен бірге ойнай алмағанын айтты.

«Buster біз үшін барлық істерді тастады. Ол ойнаған да, жаттықпаған да, демалыста болған. Оған қиын ,бұл жаңа команда. Аты аңызға айналған Илья perfecto Залуцкий мен Денис electroNic Шарипов келді», — деді Хасенов.

Айта кетейік, Cloud9 14-ші шілдеде командадағы өзгерістер туралы жариялады. Nafany және buster негізгі құрамнан шығарылып, трансферге қойылды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий