Киберспорт

Global Esports Games турнирiне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Қазақстан киберспорт федерациясының баспасөз қызметі Global Esports Games 2023-ке қатысатын Қазақстан құрамасын атады.

«Global Esports Games 2023-ке қатысатын Қазақстан құрамасын жариялаймыз! 27-28 шілдеде өткен ұлттық іріктеу қорытындысы бойынша Global Esports Games 2023 халықаралық чемпионаты қарсаңында Жаһандық киберспорт федерациясынан (GEF) қазақстандық құрамынаның атынан алдағы турнирде өнер көрсететін ойыншылар Global Esports Games 2023 алдағы жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.

Алдағы халықаралық жарыста еліміздің намысын қорғайтын ойыншыларды таныстырамыз:
— PUBG Mobile — командасы, SLY Machine құрамында STEEZY, FACHE, ATTACKER мен ЗTN;
— Dota 2 — Toshi,egxrdemxn, v1olent, daze мен Iiru01 құрамындағы barbie командасы;
— eFootball 2023-Абылайхан Red Card Ахметов;
— Street Fighter Vl-Бауыржан katsutama Сағымбеков.

PUBG Mobile және Dota 2 құрамалары Еуропалық аймақтық іріктеуге қатысады, ал жеке сайыстар бойынша ойыншылар тікелей барады», — деп хабарлайды Федерация.

Комментариев (0)

Оставить комментарий