На Казахском

Google YouTube-та ойнауға болатын өнім дайындап жатыр

The Wall Street Journal-дың хабарлауы бойынша, Google YouTube қолданушылары ойнауға болатын жаңа өнімді тестілеуде.

Басылымға сәйкес, жаңа өнім Playables деп аталады. Ол қолданушыларға тез арада YouTube қосымшалары арқылы мобильді құрылғылар мен дербес компьютерлерде ойнауға мүмкіндік береді. Google жақын арада өз қызметкерлерін жаңа өнімді тестілеуге шақырды. Тестілеу кезеңінде ойнауға болатын ойынның бір түрі Stack Bounce деп аталады. Ойындар YouTube-тың басты назарында ұзақ уақыттан бері келе жатыр. YouTube өкілі өз сөзінде: «Біз әрдайым жаңа функцияларға эксперимент жасаймыз, бірақ әзірге жариялайтын ештеңе жоқ», — деді.

Google-дың алдыңғы әрекеті 2019 жылы шыққан бұлтты ойындар платформасындағы Stadia болатын, бірақ, Google былтырғы жылдың қыркүйек айында, 2023 жылдың 18-қаңтарынан бастап сервистің жабылатындығы туралы хабарлаған.

Комментариев (0)

Оставить комментарий