Киберспорт

Жүлде қоры бір миллион долларды құрайтын беделді CS:GO турнирінің чемпионы анықталды

Европалық G2 командасы CS:GO бойынша Германияда өткен IEM Cologne 2023 беделді турнирінің чемпиондары атанды.

Турнирдің гранд-финалында Никола Nico Ковачтың коллективті ENCE командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді (Nuке-де 16:4, Mirage -де 16:10, Anubis -те 13:16 және Ancient -те 16:9).

Турнирдегі жеңісі үшін G2 400 мың доллар мен IEM Katowice 2024-ке берілетін слотты (жолдама) жеңіп алды.

IEM Cologne 2023 турнирі 26-шы шілдеде басталып, жексенбі күні, яғни, 6-шы тамызда Германияның Кельн қаласында аяқталған болатын. Турнирде 24 ростер 1миллион доллар мен IEM Katowice 2024-ке берілетін слотты сарапқа салды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий