Киберспорт

Қазақстандық киберспортшының командасы Gamers8 2023 турнирін жеңіспен бастады

Cloud9 киберспорт командасы CS:GO бойынша Gamers8 2023 турнирінің алғашқы ойынында Fnatic-ті 2:0 есебімен тізе бүктірді (Vertigo-да 16:14 және Anubis-те 16:7).

Абай Hobbit Хасеновтың ұжымы турнирдің ширек финалына өтті. Кристофер dexter Нонгтың командасы турнирді аяқтады. Cloud9-дың қарсыласы 16-шы тамыздан 17-ші тамызға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталатын Team Liguid-ENCE кездесуінің жеңімпазы болады. Cloud9 командасының келесі ойыны 18 тамыз күні, сағат 21:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, CS:GO бойынша Gamers8 2023 турнирі 16-20 тамыз аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтуде. 16 команда миллион долларлық жүлде қорын сарапқа салады, оның 400 мың доллары чемпионға бұйырады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий