Киберспорт

Қазақстандық Virtus.pro бапкері CS:GO-дан Gamers8 2023 басталуына дайындық туралы айтты

Virtus.pro командасының қазақстандық жаттықтырушысы Дастан dastan Ақбаев CS:GO бойынша Gamers8 2023 турнирінің форматы туралы айтты.

«Бүгін көптеген медиа болды. Ойындар қайда болатынын көрдік. Күн өте ыстық, бірақ, қонақ үйі керемет: тамағы да, бәрі де керемет екен. Турнирдің жүйесі өте қатаң болады, сондықтан да, бірінші ойыннан бастап күресуіміз керек. Алғашқы ойынға жақсылап дайындалып,турнир барысында күшейе түсуіміз керек. Virtus.pro Gamers8 турниріндегі алғашқы ойынын FaZe Clan-ға қарсы өткізеді. Best-of-3 форматындағы серияның жеңімпазы келесі раундта 9INE-G2 Esports жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткізеді, ал, жеңілген команда жарыстан кетеді», — деп жазды Ақбаев командалық арнаның блогында.

Айта кетейік, Gamers8 2023 турнирі CS:GO бойынша 16-20 тамыз аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры миллион долларды құрайды. Командалар Single-elimination форматында сайысқа түсіп жатыр.

Комментариев (0)

Оставить комментарий