Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы атақты командадан кетті

Қазақстандық Тимур buster Төлепов пен Владислав nafany Горшков Cloud9 командасынан жаңа ойыншылармен ауыстырылды.

Денис electroNic Шарипов және Илья Perfecto Залуцкий CS:GO бойынша Cloud9 құрамына кірді. Төлепов пен Горшков инактивке көшті. Жаңалықтар жарияланғанға дейін ойыншылар қайда өнер көрсететіндерін айтпады.

Айта кетейік, қазақстандық киберспортшы Cloud9-ға дейін екі жарым жыл бойы Virtus.pro командасында өнер көрсетті. Өз карьерасында Төлеповтің жеңіп алған сыйлық қоры 310 мың 647 долларды құрайды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий