Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы командасы Riyadh Masters 2023 плей-офф кезеңінің бірінші матчында жеңілді

Қазақстандық киберспортшы Айбек ТА2000 Тоқаевтың кәсіби командасы Quest Esports, Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 халықаралық турнирінде плей-офф кезеңінің бірінші матчын өткізді.

А тобында Quest Esports бірінші орынға ие болғаннан кейін, ол Talon Esports-пен плей-оффтың жоғарғы торының ширек финалдық ойынында кездесіп 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 25-ші шілдеде өтті.

Енді плей-оффтың төменгі торының бірінші раундында Тоқаевтың командасы PSG.LGD командасымен кездесу өткізеді. Ойын 25-ші шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де өтеді.

Айта кетейік, Riyadh Masters 2023 19-шы шілдеде басталып, 30-шы шілдеде аяқталады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий