Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Riyadh Masters 2023 турнирінің плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстандық киберспортшы Айбек ТА2000 Тоқаевтың командасы — Quest Esports, Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 турнирінің плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.

А тобының соңғы матчында Quest Esports PSG.LGD командасымен тең түсті, есеп 1:1. Бұл тең ойын қазақстандық ұжым үшін топтық кезеңде бесінші ойын болды. Сондай-ақ, Quest Esports активінде Evil Geniuses пен Team Spirit командаларына екі жеңіс бар. Осылайша, Тоқаев пен оның компаниясы А тобының бірінші орнына көтеріліп, турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.

Айта кетейік, Riyadh Masters 2023 19-шы шілдеде басталып, 30-шы шілдеде Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Gamers8 фестивалі аясында аяқталады. Турнирдің жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий