Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы әлеуметтік желіде өз командасына жаңа ойыншыны таңдау үшін дауыс беруді бастады

Қазақстандық Quest Esports киберспортшысы Айбек ТА2000 Тоқаев өзінің жеке телеграм-каналында команданың жаңа офлейнеріне дауыс беруді бастап кетті.

Кандидаттар арасында Тоқаев еркін агенттерді ғана емес, басқа да ұжымдарды, соның ішінде Магомед Collapse Халилов пен Никита Daxak Кузьмин де бар. ТА2000 жанкүйерлерінің абсолютті сүйіктісі Роман Resolut1on Фоминок болды, материал жарияланған кезде оған 30 пайыз яғни, 3,6 мыңнан астам дауыс берілді. Көшбасшылар үштігіне Владимир Shergarat Савченко 23 пайыз және Collapse 18 пайызға ие болды. Одан кейін Daxak, Владислав Stariy bog Левенец, hetag және Тобиас Tobi Бучнер орналасты.

Айта кетейік, 15 шілдеде Quest Esports құрамынан офлейнер Аммар ATF Ассаф кеткен болатын.

Комментариев (0)

Оставить комментарий