Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Riyadh Masters 2023 турнирін ұйымдастыру туралы айтты

Dota 2 бойынша Quest Esports командасының қазақстандық киберспортшысы Айбек ТА2000 Тоқаев Riyadh Masters 2023 турнирінің ұйымдастырылу деңгейі туралы айтты.

Тоқаев, ыңғайлы жаттығу бөлмелерін атап өтті, сондай-ақ турнирге қатысушылар орналасқан қонақ үйдегі тамақтануды жоғары бағалады. Бұл туралы Айбек өзінің телеграм-арнасында жазды.

«Қонақ үйге қоныстандық, жеке бөлмелер бәрі таза, керемет. Айтпақшы, өте дәмді тамақтандырады. Дефолттық практистері жақсы, ДК (ПК) 3060 і7-12700 ақаусыз істейді, жаман емес. Ынталандыру қорапшасын берді, онда: тышқан (мышка), күннен қорғайтын көзілдірік, қол жылытқыш және көптеген жапсырмалар бар. Жалпы, барлығы жоғары деңгейде», — деп жазды қазақстандық киберспортшы.

Riyadh Masters 2023 19-30 шілде аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Турнирдің жүлде қоры 15 миллион долларды құрайды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий