Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Riyadh Masters 2023 турнирінің плей-офф кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық киберспортшы Айбек ТА2000 Тоқаевтың командасы Quest Esports, Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 халықаралық турнирінің төменгі торында плей-офф кезеңінің матчын өткізді.

Төменгі тордың бірінші раундында Тоқаевтың Quest Esports командасы PSG.LGD командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Екінші раундта Quest Esports 28-ші шілдеде Астана уақыты бойынша 15.00-де Gaimin Gladiators-пен матч өткізеді. А тобында Quest Esports жеті ойында екі жеңіске жетіп, бес рет тең ойнады.

Айта кетейік, Riyadh Masters 2023 Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатыр. Турнир 19-шы шілдеде басталып, 30-шы шілдеде аяқталады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий