Киберспорт

Қазақстандық киберспортшылар IEM Cologne 2023 турнирінің плей-офф кезеңінде жеңілді

Vikings: War of Clans [SOI] WW

Қазақстандық киберспортшылар Абай Hobbit Хасенов пен Тимур buster Төлеповтің Cloud9 командасы Intel Extreme Masters Cologne 2023 турнирінде ширек финалдық матч өткізді.

Team Vitality командасымен ойнаған Cloud9, Mirage және Inferno карталарында 0:2 есебімен ұтылып қалды. Кездесу 4-тамызда, Астана уақыты бойынша 19.30-да өтті.

Жартылай финалда Team Vitality ENCE командасымен кездеседі. Олардың ойыны 5-тамызда сағат 19.30-да өтеді.

Айта кетейік, Intel Extreme Masters Cologne 2023 Германияның Кельн қаласында өтіп жатыр. Турнир 26-шы шілдеде басталып, 6-шы тамызда аяқталады. Чемпион болған команда ұйымдастырушылардан 400 мың АҚШ долларын алады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий

Raid: Shadow Legends [CPP] RU + Many Geos