Киберспорт

Қазақстандық киберспортшылар Сауд Арабиясында өткен үлкен турнирде өнер көрсетті

Қазақстандық киберспортшылар ойнайтын Team Falcons командасы PUBG Mobile World Invitational 2023 турнирінде өнер көрсетті. 

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен турнирде Team Falcons атынан төрт қазақстандық ойыншы — Дамир AXZCER Омаров, Бақытжан PUNCHER Елменбет, Арман PSIX Таймазұлы және Данияр TEAQ Қонақбай қатысты. Team Falcons командасы турнирге қатысқан 16 ұжымның ішінен 13-ші орынды иеленіп, соның нәтижесінде 69 мың 500 доллар табыс тапты. 

Айта кетейік, турнирдің чемпиондары болып Тайландтан келген Vampire Esports командасы атанды. Олардың табысы 432 мың 500 доллар.

Комментариев (0)

Оставить комментарий