Киберспорт

Қазақстандық киберспортшылар құрамасы The International 2023 іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Dota 2 бойынша The International 2023 турнирінде Шығыс Еуропа үшін дебюттік іріктеу ойынында Natus Vincere командасы Nemiga Gaming-ті 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Максим mellojui Пнёвтың командасы келесі плей-офф кезеңіне жолдама алды, олар Virtus.pro командасымен кездеседі. Nemiga төменгі торда іріктеу ойынын жалғастырады. 23 тамызда Астана уақыты бойынша 15:00-де олар SIBE Team командасымен күштілер сапында қалу үшін сайысқа түседі.

The International 2023-те Шығыс Еуропа командалары үшін іріктеу ойындары 22-26 тамыз аралығында өтуде. 12 команда турнирдің негізгі кезеңіне жолдама беретін жалғыз квотаны сарапқа салуда.

Айта кетейік, Natus Vincere командасының құрамында үш қазақстандық киберспортшы — Әбдімәлік Malik Сайлау, Даниял Danial Әлібаев пен Арман Malady Оразбаев өнер көрсетуде.

Предыдущая статья
Half-Life 2 получит улучшение RTX
Комментариев (0)

Оставить комментарий