Киберспорт

15 миллион доллар тұратын турнирде қазақстандық киберспортшылар қатысады

Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 ірі турниріне қатысатын командалардың толық тізімі белгілі болды.

Чемпионатта қазақстандық киберспортшылар — Айбек ТА2000 Тоқаев пен Әлімжан Watson Исламбеков ойнайды, олар өз жолын Play-In сатысынан бастайды.

Riyadh Masters 19-30 шілде аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Gamers8 фестивалі аясында өтеді. Іс-шараның жалпы жүлде қоры 15 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, жақында Тоқаев өзінің Quest Esports командасымен The Bali Major 2023-те өнер көрсетіп, төртінші орынды иеленген. Жақында Исламбеков көзіне ота жасатқанын хабарлады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий