Киберспорт

Қазақстандықтар киберспорт бойынша халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Қазақстандық ойыншылар Tekken 7 және Street Fighter VI бойынша халықаралық турнирде ойнайды деп хабарлайды Battle.kz Қазақстан киберспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Ресейдегі Tekken 7 және Street Fighter VI халықаралық турниріне қатысамыз. 24-28 тамыз аралығында Уфа қаласында „Еуразияға қарай“ ұлттық және олимпиядалық емес спорт түрлерінен I Халықаралық спорттық ойындары өтеді. Осы спорт форумы аясында 26-27 тамызда Ресейдің компьютерлік спорт федерациясы Tekken 7 және Street Fighter VI бойынша жекпе-жектен халықаралық турнир өткізеді. Qazaq Cibersport Federation осыған қатысатынын ресми түрде жариялайды және алдағы турнирде өнер көрсететін ойыншыларды атауға дайын:
— Tekken 7 — Шыңғыс Chingiz Дәулетқали;
— Street Fighter VI — Бауыржан katsutama Сағымбеков», — деп хабарлады Федерация.

Комментариев (0)

Оставить комментарий