Киберспорт

Көруге аздап көңілсіз жайттар

Dota 2-дегі өзгерістерге байланысты Қазақстандық киберспортшы өз ойын ортаға салды.

Қазақстандық киберспортшы және кастер Владислав BLACKARXANGEL Иващенко BATTLE PASS-тың тоқтатылуына байланысты өз ойын ортаға салды.

Dota-2 құрастырушылары таяу арада ойынның апдейттерін шығаруға байланысты пікірлерін өзгерткендігі туралы хабарлады.

«Шындығында бұндай өзгерістерді көру біз үшін өте көңілсіз. Battle Pass өзінің пайдалы мерзімінен асып кетті деген сезім жоқ. Өйткені, маған ол әрдайым ұнайтын: оның кастомизациялары мен маңдайшалары әрдайым қызық болатын.

Қандай Battle Pass есте көп сақталды? Мүмкін, Теаm Spiritпен болған Инт шығар (The International 2021).

Кәсіби сахна үшін бұл үлкен минус, өйткені, біз барлығын түсінеміз — Инттың сыйлық қоры аз болатын шығар. Ал Dota-ға бұл қарбаластық қажет-ақ, бұны дүрбелең деп айтуға да болар еді.

Турнирдің маңыздылығы (The International), бұдан әрине төмендейтіні сөзсіз, себебі, сыйлық қоры азаяды, жалпы мен оны сондай қорқыныш тудыратын жағдай деп ойламаймын.

Valveде ақылды адамдар отыр, олар өз басымдықтарын белгілеп қойған деп ойлаймын. Бұл дұрыс па, әлде қате шешім болды ма — біз аз уақыттан соң білеміз», — деді Иващенко.

Комментариев (0)

Оставить комментарий