Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Natus Vincere-нің жаңа тізіміне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев өзінің әлеуметтік желісінде CS:GO бойынша Natus Vincere-нің жаңа құрамына түсініктеме берді.

«Маған Navi-дің жаңа құрамы ұнамайды, бірақ олар әрдайым үздіктер қатарынан көріне алатын. Менің ойымша бұл құрам әлі де өзгереді. Маған Aleksib, NIP-те де, G2-де де капитан ретінде ұнамайды. Мүмкін, B1ad3+Aleksib екеуінің қосылуы нәтиже берер», — деді Қыстаубаев.

Айта кетейік, осыдан бұрын Natus Vincere — CS:GO бойынша жаңа құраммен таныстырған болатын. Оған: Алекси Aleksib Виролайнен, Джустинас jL Лекавичус және Иван iМ Михай кірген болатын. Хабарлама клубтың ресми сайтында жарияланды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий