Киберспорт

Қазақстандық үздік спортшылар Сауд Арабиясының командасына ауысады

Сауд Аравиялық Falcons Esports киберспорт клубы PUBG Mobile бойынша үздік қазақстандық құрамдардың бірімен келісімге қол қойғандықтары туралы хабарлама жасады.

Бұл туралы Falcons Esports өздерінің ресми инстаграм парақшасында жариялады. Команда құрамы төрт үздік қазақстандық ойыншылармен жасақталған:
— Дамир AXZCER Омаров;
— Қонақбай TEAQ Данияр;
— Арман PSIX Чамани;
— Бақытжан PUNCHER Елменбет.

Дамир AXZCER Омаровтың командасы Gamers8 оффлайн-турнирінде ойнауға мүмкіндік алды. Турнирдің сыйлық қоры екі миллион АҚШ долларын құрайды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий