Киберспорт

Қазақстандық Riyadh Masters 2023 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық Әлімжан Watson Исламбеков ойнайтын Entity киберспорт командасы Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 Халықаралық турнирінің Play-In сатысында А тобында Execration командасымен тең ойнады.

Осы ойыннан кейін қазақстандық киберспортшының командасы Play-In кезеңінің турнирлік кестесінде төртінші орынды иеленіп жарыстың топтық кезеңіне өте алмады.

Айта кетейік, Riyadh Masters 2023 19-шы басталып, 30-шы шілдеде Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Gamers8 фестивалі аясында аяқталады. Турнирдің жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды.

Комментариев (0)

Оставить комментарий