Riot компаниясы Сеул полициясымен бірлесе отырып, LCK 2023 жазғы плей-офф ойындары кезінде LCK Park аренасында қосымша қауіпсіздік шараларын сақтау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Battle.kz Cybersport.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
Мұндай әрекеттердің себебі, Т1 мидері Ли Faker Сан Хёкке желідегі жарияланған қауіп төндіру еді. Сеул полициясына белгілі болғандай, Кореяның DC Inside форумын пайдаланушылардың бірі Т1-дің жаттығу базасына келіп, «Ас үй пышағымен Faker-дің басын кесіп алатыны» туралы айтқан. Бұл ақпаратты өз ойыншыларның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатқан киберспорт клубының өкілдері растады. Осы жағдайға байланысты LCK жазғы маусымның плей-офф кезеңінде қосымша ережелер енгізуге шешім қабылдады. LOL Arena кіреберісінде келушілердің сөмкелерін мұқият тексеру жүргізіледі, ал алаңның ішінде және сыртында полицияның қолдауымен күзет күшейтіледі.
Reddit қолданушысы Faker-ге қарсы қауіпті, Оңтүстік Кореяда суық қаруды қолданумен, кездейсоқ шабуылдар жасау толқынынан туындауы мүмкін екенін атап өтті.
Бұл еліктеушілерге әкеледі деп болжануда, сондықтан, полиция посттың авторын іздеуге шындап кірісті, дегенмен жергілікті форумда киберспортшыларға өлім тілейтіндер жиі кездеседі.