Киберспорт

Нұрлан Сабуров The Bali Major 2023-те қазақстандық киберспортшымен кездесті

Dota 2 бойынша Quest Esports командасында ойнайтын Қазақстандық киберспортшы Айбек Naive Тоқаев, The Bali Major 2023-тен стендап-әзілқой Нұрлан Сабуровпен бірге түскен суретін жариялады.

Киберспортшы суретті өзінің инстаграмм парақшасына салып қойған. «Аңызбен бірге», — деген жазу қалдырған.

Бесінші шілде күні Астана уақытымен 19:15-те Тоқаевтың Quest Esports командасы Team Aster командасымен жартылай финал жолдамасы үшін ойын өткізеді. Ұтылғандары 9 Pandasпен матч өткізеді.

Командалар сыйлық қорының мөлшері 500 мың АҚШ доллары мен 3,5 мың DPC ұпайын сарапқа салады, бұл оларға The International 2023-ке шығу үшін өте қажет.

Комментариев (0)

Оставить комментарий