Киберспорт

Танымал қазақстандық киберспортшы командасын ауыстыруы мүмкін

Evil Geniuses командасының бұрынғы қатысушысы киберспортшы Санжар neaLaN Ысқақов таяу арада GamerLegion-ға ауысуы мүмкін.

Бұл туралы инсайдер harumi өз телеграм-каналында хабарлады. Қазақстандықтың бұрынғы ұжымы Evil Geniuses болатын. Ысқақов 2022 жылдың тамызынан солтүстік америкалық клубтың өкілі болған.

Ысқақов былтырғы жылы еліміздің топ-10 ең бай киберспортшылар қатарына кірген, ақшалай сыйлық мөлшері 91,218 мың АҚШ долларын құрайды. Санжардың ең үздік жетістігі оның Pinnacle Winter Series #1 турниріндегі жеңісі.

Комментариев (0)

Оставить комментарий