Киберспорт

Riyadh Masters 2023 үздік ойыншысы аталды

Talon Esports командасының 23 жастағы Индонезиялық киберспортшысы Рафлай Micoto Фатур Dota 2 бойынша Riyadh Masters 2023 турнирінің MVP-i деп танылды.

Бұл жетістігі үшін Micoto 10 мың доллар алады. Турнирдің ең үздік ойыншылары рейтингінде Talon Esports мидері Team Spirit командасының керриі Илья Yatoro Мулярчукпен және офлейнер Людовиг zai Уолбергпен, Team Liguid командасының саппорты Самуэль Boxi Сванмен біріншілік үшін күресті.

Riyadh Masters 2023 19-30 шілде аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтті. Чемпионаттың жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий