Кино

«Өрмекші-Адам: Ғаламдық өрмекторлар» фильмін түсірушілер кинотеатрларда көрсетілетін екі түрлі нұсқасы бар екендігін растады

«Өрмекші-Адам: Ғаламдық өрмекторлар» фильмінің сценарисі Эндрю Левитон аннимациялық фильмнің екі түрлі нұсқасы бар екендігін растады.

Твиттер қолданушысы Bolisongs Мигель О’Хараның қатысуымен болған көріністе (Өрмекші-Адам 2099) және голографиялық кейіпкер Лайламен болған екі көріністегі аз ғана айырмашылықты атап өтті: біріншісінде Лайла саусағымен Мигельді нұсқап тұрса, екіншісінде ол селфи жасап тұрған сәтімен аяқталады. «Өрмекші-адамның» фанаты былай дейді: фильмнің тұсаукесеріндегі бірінші көрінісінде болған селфимен түсірілген сәті олар фильмді бір аптадан кейін көрген кезде болмай шыққан. Фанаттың жазған постына Левитон былай дейді: «Шындығында фильмнің бірнеше нұсқасы бар, мен үшін оны көрермендер қашан байқар екен деген қызығушылық болды», — деді. Сценарист фильмнің бірнеше нұсқасы барын және себептерін ашық айтпады, тек соңында басқа қолданушының «Дақ» («Пятна» басты кейіпкер) туралы байқап қалған диалогтарына репост жасады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий