Киберспорт

Virtus.pro CCT Online Finals #2 гранд финалында жеңіске жетті

Virtus.pro командасы CS:GO бойынша CCT Online Finals #2 Гранд-финалында Team Spirit командасынан басым түсті.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Overpass-та 16:11; Vertigo -да 19:16. Джами Jame Али командасы турнир чемпиондары атанып, 100 мың доллар табыс тапты. Леонид Copper Вишняковтың ұжымы екінші орынға ие болып, 40 мың доллар алды. Үшінші орынды Aurora Gaming иеленіп, 25 мың доллар еншіледі. CCT Online Finals #2 турнирі 2-10 тамыз аралығында онлайн режимде өтті.

16 команда 200 мың долларды сарапқа салды. Чемпионаттың толық нәтижесімен репортажда танысуға болады.

Комментариев (0)

Оставить комментарий